Шымкент қаласында Қазақстан әуесқой лигасының 2-лигасы ашылады

Жергілікті футбол федерациясының мәліметінше, 2-лига ашу жарияланғаннан кейін оған 10 команда қатысуға ниет білдірген. Бұл қазіргі уақытта Шымкенттегі іріктеу турниріне қатысып жатқан командалардан бөлек команда.
Жаңа формат бойынша, 2-лига жеңімпаздары келесі маусымда «А» лигасында бақ сынауға мүмкіндік алады. Ол командалар арасында бәсекелестікті арттырып, әуесқой футболдың сапасын көтеруге бағытталған.
Шымкент Әуесқой лигасына деген үлкен қызығушылықтың нәтижесінде жарысқа қатысуға өтінімдер саны айтарлықтай артты. Бұл – қала тұрғындарының футболға деген сүйіспеншілігі мен белсенділігінің көрінісі. Жаңа маусым жақындап келеді, сондықтан тіркелуге асығыңыздар!
Айта кету керек, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Шымкентте өтіп жатқан іріктеу ойындарына 18 команда қатысып жатыр. Қазір 5-тур ойындары өтуде. Ойындар қарашаға дейін жалғасады.