Қарағандыда Қазақстан әуесқой лигасы ойындары «үйде–қонақта» форматында өтіп жатыр

Қарағандыда Қазақстан әуесқой лигасы ойындары «үйде–қонақта» форматында өтіп жатыр

06 тамыз 2025, 14:38
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы 25 жылдан бері әуесқойлар арасында 11х11 форматындағы облыс біріншілігін тұрақты түрде өткізіп келеді. 

Турнир өңір футболының ажырамас бөлігіне айналып, бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор. 

Биылғы маусымда да облыс біріншілігі дәстүрлі түрде екі айналымдық чемпионат форматында, яғни «үйде–қонақта» жүйесі бойынша ұйымдастырылған.

Биыл Қарағанды облысында Қазақстан әуесқой лигасы аясында жеті команда қатысып жатыр. Олар облыстың қала мен аудандарынан құралған. Іріктеу турнирі мамырдан қыркүйекке дейін өңірдің алты стадионында өтеді.

Турнирге қатысатын командалар:
* «ФК Абай» (Абай қаласы)
* «Сарань-Торпедо» (Сарань қаласы)
* «Асан» (Теміртау қаласы)
* «СК Тау» (Теміртау қаласы)
* «NIS USTAZ» (Қарағанды қаласы)
* «Дорожник» (Ботақара кенті)
* «ФК Горняк» (Шахан кенті)

 Қазір турнир кестесінде «Асан» командасы көш бастап тұр. Тоғыз ойын нәтижесі бойынша команда 21 ұпай жинап, жеті рет жеңіске жетіп, екі рет қарсыласқа жол берген.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары