«Қазақстан әуесқой лигасының» финалы Жетісу өңірінде өтеді

«Қазақстан әуесқой лигасының» финалы Жетісу өңірінде өтеді

07 тамыз 2025, 17:05
«Қазақстан әуесқой лигасы» республикалық әуесқойлар чемпионатының шешуші кезеңі Жетісу облысында өтетін болды.

1-11 қазан аралығында болатын матчтар Талдықорған қаласындағы «Жетісу» стадионының қосалқы алаңында, «Болашақ» стадионында және Балпық би ауылындағы Оңғаров атындағы стадионда ұйымдастырылады.

Финалдық кезеңге көктемде басталған өңірлік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары жолдама алды. Биыл алғаш рет өткізіліп отырған лигаға еліміздің түкпір-түкпірінен 268 команда мен 6000-нан астам футболшы қатысты.

Айта кетейік, финал нәтижесінде елдің алғашқы чемпионы анықталады. Жеңімпаз команда 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға, Қазақстан кубогына қатысуға және УЕФА Аймақтық кубогында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары