СҚО-дағы Қазақстан әуесқой лигасы ойындары екі лигаға бөлінді

СҚО-дағы Қазақстан әуесқой лигасы ойындары екі лигаға бөлінді

08 тамыз 2025, 12:50
Жоғары лигада бұрыннан келе жатқан командалар болса, екінші лигада футболға жаңа қадам басқан әуесқойлар ойнайды.

Жергілікті футбол федерациясының мәліметінше, жарысқа қатысуға 28 команда ниет білдіргенімен, қазан-қараша айларындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты тек 20 командамен өткізіліп жатыр. Осыған байланысты қатысушыларды екі бөлек лигаға бөліп өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл тәсіл, бір жағынан, жарыстың сапасын арттыруға және әр деңгейдегі командалар үшін тиімді бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа форматтың ерекшелігі Екінші лигада үздік шыққан екі команда маусым соңында Жоғары лигаға өтеді. Екінші лиганың соңғы орын алған екі командасы сол топта қалу үшін, сол құрамда тағы ойын өткізеді. Егер жеңсе, қалады.

Жергілікті футбол федерациясының президенті Жеңіс Асанов Қазақстан әуесқой лигасы ойындарының іріктеу кезеңі аймақтағы футбол деңгейін жаңа сатыға көтеріп, таланттарды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоғары лигадағы тәжірибелі командалар өз деңгейін сақтап қалу үшін барын салса, екінші лигадағылар оған көтерілу үшін бар күшін жұмсайды. Бұл өз кезегінде турнирге жаңа серпін беріп, аймақтағы футбол инфрақұрылымының дамуына да оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Бөлісу
Жоғары