«Арман» – жағажай футболынан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы

Павлодардың «Арман» командасы бір жылдық үзілістен қайта чемпион болып, 16-шы рет топ жарды.
Күміс жүлдені Абай облысының Barqy командасы иеленсе, Жетісу облысының «Малайсары» командасы үздік үштікті түйіндеді.
Финалдық тур аяқталған соң маусымның үздіктері анықталды.
Үздік қақпашы: Дмитрий Бровко («Barqy»)
Golden Beach Boy үздік жас ойыншы: Михаил Кайзер («Арман»)
Үздік бапкер: Самат Ысқақов («Малайсары»)
Сұрмерген: Дәурен Қойшыбаев («Omega»)
Үздік төреші: Азамат Ахметов (Алматы)
Үздік ойыншы: Саят Әшімов («Малайсары»)
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар мен жүлдегер командалар марпатталды. Марапаттау рәсіміне Павлодар облысы футбол федерацияысның президенті Ойрат Садуов пен Қазақстан футбол федерация жағажай футболы департаментінің бас менеджері Меруерт Танабаева қатысты.
Ойрат Садуов бұл спорт түрінің дамуының маңызын атап өтті:
«Чемпионат жоғары деңгейде өтті – ұйымдастыру да, ойынның өзі де көңілден шықты. Футболшылар көрермендерге тартымды әрі сапалы ойын көрсетті. Көркем голдар, есте қаларлық сәттер, жеке шеберлік пен командалық үйлесімділікті тамашаладық. «Арман» командасының тәжірибесі тағы да өз нәтижесін берді – олар 16-шы рет чемпион атанды. Оларды шын жүректен құттықтаймын және турнирге келіп, жанкүйерлерге нағыз спорт мерекесін сыйлаған барлық ойыншыларға алғыс айтамын.
Жағажай футболын дамыту қажет. Ол үшін жастардың айналысуына жағдай жасап, тұрақты жарыстар өткізу маңызды. Бұл қарқынды да қызықты футбол түрі өңірлерде де дамып келеді. Бір кездері футзал да аз командадан басталған еді, ал қазір оған елдің түкпір-түкпірінен ондаған команда қатысады. Сенемін, жағажай футболы да осы жолдан өтіп, Қазақстан спорт өмірінде өзіне лайықты орнын алады», – деді ол.
Матчтар нәтижесі:
II тур
Бірінші ойын күні:
Omega – ТК B&A – 2:4
Арман – Барыс – 7:1
ТК B&A – Barqy – 1:3
Omega – Барыс – 9:4
Арман – Малайсары – 7:3
Екінші ойын күні:
Малайсары – Barqy – 4:2
Арман – ТК B&A – 6:1
ТК B&A – Барыс – 3:4
Barqy – Арман – 2:6
Omega – Малайсары – 4:7
Үшінші ойын күні:
Barqy – Барыс – 5:2
ТК B&A – Малайсары – 6:6 (пен. 5:6)
Omega – Арман – 2:3
Малайсары – Барыс – 8:5
Barqy – Omega – 7:5
Қорытынды турнир кестесі:
№ |
Команда |
Ойын |
Ұ (н.у.) |
Ұ (қ.у.) |
Ұ (пен) |
Ж |
С/Ж |
ДА |
Ұпай |
1 |
Арман |
11 |
7 |
1 |
1 |
1 |
53-22 |
31 |
24 |
3 |
Barqy |
11 |
7 |
|
|
4 |
49-30 |
19 |
21 |
2 |
Малайсары |
11 |
6 |
|
2 |
3 |
45-39 |
6 |
20 |
4 |
Omega |
11 |
4 |
|
|
7 |
50-43 |
7 |
12 |
5 |
Барыс |
11 |
4 |
|
1 |
7 |
39-54 |
-25 |
10 |
6 |
TK B&A |
11 |
3 |
|
|
8 |
35-49 |
-14 |
9 |
7 |
J Liga* |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Жарыс ережесі сәйкес Қазақстан чемпионатының екінші турына қатыспаған J Liga (Алматы облысы) командасының нәтижесі жойылды.