Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының жалпы тізімі

Тізімге 37 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Георгий Жуков, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Ақтөбе»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»).
Нақты тізім анықталғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.