Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Конференциялар лигасының ойындарына инспектор болып тағайындалды

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Конференциялар лигасының ойындарына инспектор болып тағайындалды

21 тамыз 2025, 10:16
Қазақстан футбол федерациясы төрешілер және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф іріктеу кезеңіндегі матчқа инспектор болып тағайындалды.

Ойын Түркияның «Истанбул Башакшехир» клубы мен Румынияның «Университатя Крайова» командасы арасында өтеді. Кездесу 21 тамызда Стамбулдағы «Фатих Терим Башакшехир» стадионында ұйымдастырылады. Ойын Астана уақытымен 22:45-те басталады. 

Футбол инспекторы – УЕФА-ның ресми өкілі. Ол матчтың ұйымдастырылуын бақылап, төрешілер бригадасының жұмысына баға береді. Инпектор ойын аяқталған соң жан-жақты есеп дайындап, оны УЕФА-ның құзырлы органдарына жолдайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары