АСТАНАДА UEFA PRO КАТЕГОРИЯСЫ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӨРТІНШІ МОДУЛІ БАСТАЛДЫ
26 тамыз 2025, 13:20

Бағдарламада теориялық дәрістер мен практикалық жаттығулар да қамтылған.
4-модуль тақырыбы: «Ойын моделі, позициялық қорғаныс (1–2 аймақ), тактикалық кезең». Жаттықтырушыларға Станислав Погорелов, Евгений Свешников, Владимир Никитенко, Виктор Семенов, Игорь Шпанера және Геннадий Скуртул дәріс беруде.
Оқытуға қазақстандық 20 маман қатысып жатыр. Олар курс барысында УЕФА Чемпиондар лигасы матчтарының ойын сәттерін талдайды. Сондай-ақ «Штутгарт» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Кристал Пэлас» (Англия) және «Наполи» (Италия) сияқты клубтарды мысалға ала отырып, заманауи жаттығу процесін құру тәсілдерін меңгереді.
Жаңалықтар
22 там., 21:41
22 там., 11:14
20 там., 10:56