Александр Кеплин: «Уэльс жанкүйерлерінің келуі елорда экономикасына қосымша үлес қосты»

Александр Кеплин: «Уэльс жанкүйерлерінің келуі елорда экономикасына қосымша үлес қосты»

03 қыркүйек 2025, 21:52
Қазақстан футбол федерациясы сыртқы байланыстар және өңірлік қатынастар департаментінің директоры Александр Кеплиннің айтуынша, 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасына қарсы өтетін ойынға келген уэльстік жанкүйерлер ел экономикасына елеулі үлес қосқан.

«Ертеңгі «Астана Арена» стадионында өтетін Қазақстан – Уэльс ойынын тамашалауға шамамен 1200 жанкүйер келді.

Шетелдік қонақтардың келуі халықаралық матчтарға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Ұлыбританиядан келген жанкүйерлер Астананың экономикасына қосымша серпін берді.

Қазақ футболы спортта ғана емес, экономикалық тұрғыдан да нығайып, елдің туристік әлеуетінің артуына және халықаралық имидждің қалыптасуына ықпал етіп келеді», деді ол.

Бөлісу
Жоғары