Шымкентте босқындар арасында футболдан турнир өтті

Шымкентте босқындар арасында футболдан турнир өтті

02 қыркүйек 2025, 12:00
30 тамыз - Конституция күніне орай Шымкентте босқындар арасындағы турнир өтті. «БИІК» спорт кешенінде босқындар арасында «Бейбітшілік ойындары» атты футбол турнирі өтті. Оған 50-ден астам ойыншыдан құралған 5 команда қатысты. 

Турнир БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі агенттігі мен Қазақстан «Қызыл Ай» қоғамының қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысымен  «Марадж» командасы жеңімпаз атанды. Ал «Муслим» командасы 2-орынды, «Атак» командасы 3-орынды иеленді. 

Сонымен қатар үздік ойыншылар түрлі номинация бойынша марапатталды:
«Үздік ойыншы» – Афзали Али;
«Үздік шабуылшы» – Хакзада Навидулхак;
«Үздік қорғаушы» – Ховажа Хабибжан;
«Үздік қақпашы» – Алиханов Акбарали;
«Үздік жас ойыншы» – Нурияр Фарух. 

Босқындар турнирі Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік жауапкершілігін арттырумен қатар, әр адамның футбол ойнауына тең мүмкіндік беріп, спорт арқылы бейбітшілік пен достықты нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу
Жоғары