ҚФФ президенті Марат Омаров ұлттық құрамамен кездесті

ҚФФ президенті Марат Омаров ұлттық құрамамен кездесті

02 қыркүйек 2025, 17:46
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс пен Бельгия құрамаларына қарсы өтетін матчтар алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың ойыншыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті.

Федерация басшысы футболшылардың дайындық барысымен танысып, футболшылардың жағдайын сұрады. Марат Омаров мемлекет тарапынан футболды қолдау деңгейі артып келе жатқанын атап өтіп, елімізде спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

Федерация президенті алдағы кездесулерде Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, миллиондаған жанкүйерлердің қолдауы ойыншыларға күш-жігер сыйлайтынын атап өтті.

Бөлісу
Жоғары