UEFA «B» санатындағы жаттықтырушы курсына  тыңдаушыларды қабылдау басталды

UEFA «B» санатындағы жаттықтырушы курсына  тыңдаушыларды қабылдау басталды

11 қыркүйек 2025, 15:10
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы UEFA «B» санатындағы жаттықтырушы курсына тыңдаушыларды қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оқуға ниетті барлық үміткер Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінен өтінім беріп, тіркеу формасын толық көлемде толтыруы және қабылдау критерийлеріне сәйкес қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс. Бұл құжаттар кандидаттарды оқуға қабылдау тізіміне енгізу үшін қажет.

UEFA «B» лицензиясы бойынша оқуға үміткерлерге қойылатын ең төменгі талаптар:

1. Үміткерде UEFA-ның «C» санатындағы жарамды лицензиясы болуы тиіс;

2. UEFA «B» лицензиясына оқуға қабылдау сәтінде жаттықтырушы ретінде кемінде алты ай тәжірибесі болуы тиіс;

3. Жоғары немесе арнаулы орта кәсіби білімі болуы қажет;

4. Курстан өту барысында үміткер Қазақстан Республикасындағы тиісті деңгейдегі футбол құрылымдарының бірінде тұрақты түрде жаттықтырушы ретінде практикалық қызмет атқара алуы қажет;

5. Тіркеу үшін қажетті барлық құжатты  тапсыруы керек:

  • ойыншы және жаттықтырушылық мансабы көрсетілген түйіндеме;
  • UEFA-ның жарамды дипломы мен лицензиясының сканерленген нұсқасы;
  • жоғары немесе арнаулы орта кәсіби білімі туралы диплом;
  • жеке куәлік немесе паспорт;
  • наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  • сотталмағаны туралы анықтама;

6. Басқа жағдайлар тең болған жағдайда, курсқа қабылдауда басымдық футбол академияларына, футбол орталықтарына, БЖСМ-де, Екінші, Бірінші және Премьер-лига клубтарында, сондай-ақ жекеменшік футбол құрылымдарында жұмыс істейтін жаттықтырушыларға беріледі.

Курстың өту форматы, құны және басталу уақыты құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін хабарланады.

Бөлісу
Жоғары