UEFA «A» санатындағы бапкерлерді дайындау курсына тыңдаушыларды тіркеу басталды

Курсқа қатысқысы келетін кандидаттар ҚФФ ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде өтінім беріп, тіркеу формасын толық толтыруы және талаптарға сәйкес барлық құжаттарды жолдауы қажет.
Курсқа қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1. UEFA «В» санатындағы қолданыстағы лицензиясының болуы;
2. «В» санатындағы лицензияны алғаннан кейін кемінде бір жыл 11х11 форматындағы командаларды жаттықтыру тәжірибесінің болуы;
3. Жоғары немесе арнаулы орта кәсіби білімінің болуы;
4. Курстан өту барысында Қазақстандағы тиісті деңгейдегі командада тұрақты түрде жаттықтырушылық тәжірибеден өту мүмкіндігі;
5. Тіркеуге қажет барлық құжатты жіберу: ойыншы және бапкерлік мансабы көрсетілген түйіндеме, қолданыстағы диплом мен УЕФА лицензиясының скан-нұсқасы, жоғары не арнаулы орта білім туралы диплом, жеке куәлік немесе төлқұжат, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама, сотталмағаны туралы анықтама;
6. Басымдық футбол академияларында, орталықтарда, БЖСМ, Премьер-лига, бірінші және екінші лига клубтарында жұмыс істейтін мамандарға беріледі.
Курстың өту форматы, құны және басталу мерзімі құжаттарды қабылдау аяқталған соң хабарланады.