Ақтөбеде Қазақстан әуесқой лига ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Ақтөбеде Қазақстан әуесқой лига ойындарының жеңімпаздары марапатталды

11 қыркүйек 2025, 13:40
Ақтөбеде облысында Қазақстан әуесқой лигасының ойындары өз мәресіне жетті. Шілдеде басталған ала доп бәйгесіне қала, аудандардан 26 команда қатысты.

Турнирдің финалдық ойындары Қобыланды батыр атындағы стадионда өтті. Матчты бір уақытта 4100 адам тамашалады.

Іріктеу кезеңінің қорытындысымен  «Пронет» командасы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңде Ақтөбе облысының абыройын қорғайды. Финалда тартысты ойын көрсеткен «Аль-аят» командасы 2 орынды,«Искандер» командасы 3-орынды иеленді. 

Қазақстан әуесқой лигасы ҚФФ-ның  еліміздегі бұқаралық футболды дамытуға бағытталған жобасы. Бұл әр адамның футбол ойнауына мүмкіндік беріп, өңірлердегі жас таланттарлың танылуына, олардың тәжірибе жинауына жол ашады.

Бөлісу
Жоғары