Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»

Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»

09 қыркүйек 2025, 00:32
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Рамазан Бағдат 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Англияға қарсы (0:2) өткен матчтың қорытындысын шығарды.

– Ойын өте қиын болды. Біз қарсыластың деңгейін ойынға дейін бір апта бойы зерттеп, бұл ойынға кәдімгідей дайындықпен келдік. 

– Екінші таймда ойын бірінші таймға қарағанда жақсырық көрінді. Үзіліс кезінде бас бапкер ойыншыларға не айтты?

– Әрине басбапкер бізге қорықпай, тек өзіміздің ойнымызды ойнандар деп айтты. Тек қана алдыға деп мотивация берді.

– Англия құрамасының деңгейі туралы не айта аласың?

– Бұл ойыншылар болашақ Англия бас құрамасының ойыншылары ғой. Деңгейлері өте керемет.

– Қобыланды батыр атындағы стадиондағы атмосфера ұнады ма?

– Бұл стадионда атмосфера әр қашанда жоғары деңгейде. Осындай атмосфера мен жанкүйерлер алдында ойнау өте керемет. 

– Шабуылда жүрген ойыншыларға қорғаушылардан пас жетпеді. Бұл дегеңіміз англиялық футболшылардың қорғаныс деңгейі жоғары болғандықтан ба?

– Біріншіден олардың қорғанысы мықты. Екіншіден бізге сәттілік жетіспеді.

– Бүгінгі ойында жақсы нәтижеге жету үшін не жетіспеді?

– Бізге әрине дайындыққа көп уақыт болмады, бір апта аз болды. Келесі ойындарға бізде уақыт бар деп ойлаймын. Бізге бір бірімізді танып, жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары