Қазақстан әуесқой лигасы: «Қайнар» командасы финалда Жетісудың намысын қорғайды

Оған 10 команда қатысып, финалға «Қайнар» командасы жолдама алды.
Турнир қорытындысымен: 1 орын - «Қайнар» командасы;
2 орын - «Қаратал» командасы;
3 орын - «Көксу арландары» командасы.
Сондай-ақ бірқатар ойыншы келесі номинациялармен марапатталды:
«Үздік қақпашы» - Серік Абзал («Көксу арландары» командасы)
«Үздік сұрмерген» - Хусен Асхабов («Алакөл» командасы)
«Үздік шабуылшы» - Берік Рахимбеков («Көксу арландары» командасы)
«Үздік қорғаушы» - Елдос Асқарұлы («Қайнар» командасы)
«Үздік ойыншы» - Бекзат Талғатұлы («Қайнар» командасы)
«Үздік топ жетекшісі» - Жаннұр Абишев («Қайнар» командасы)
«Алтын бала» - Махамбет Абусатиев («Қаратал» командасы)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Жахар Абдулсалимов («Қаратал» командасы)
Жалпы Жетісудағы біріншілік алдымен әр ауданда ұйымдастырылды. 16 команданың арасынан облыстық кезеңге 10 команда өткен болатын.