Қазақстан – Италия матчына БАҚ-тарды аккредитациялау басталды
11 қыркүйек 2025, 09:00

БАҚ өкілдерінің аккредитация алуға арналған өтінімдері редакциялық хат түрінде қабылданады. Хат ұйымның фирмалық бланкісінде рәсімделуі тиіс және онда журналистердің тегі, аты-жөні, жеке куәлік деректері, сондай-ақ байланыс мәліметтері көрсетілуі қажет. Сонымен қатар әр адамның функционалдық міндеті (жазушы журналист, фотограф, ТВ, радио) және редакциялық тапсырмасы болуы тиіс.
Өтінімдер Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің press@kff.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу плей-оффындағы Қазақстан мен Италия арасындағы жауапты матч 23 қыркүйекте Астана қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Жаңалықтар
09 қыр., 00:32
09 қыр., 00:06
06 қыр., 23:52
04 қыр., 21:53