Маңғыстауда балалар-жасөспірімдер арасындағы футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстауда балалар-жасөспірімдер арасындағы футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

15 қыркүйек 2025, 10:10
Маңғыстау облысында жеке футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Турнир жас ерекшелігі бойынша 6х6, 9х9 және 11х11 форматтарында өтті.

Іріктеу ойындарында командалар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, жас футболшылар барын салып ойнады. Әр жас санаты бойынша үздік ойыншылар мен командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. 

Жүлдегер командалар:
    •    2015-2016 ж.т. (6х6) – I орын  FC Namys Kyzyltobe, II орын FC Namys Aktau, III орын BS U10 B
    •    2013-2014 ж.т. (9х9) – I орын FC Namys Kyzyltobe, II орын Ershe, III орын BS U13
    •    2012 ж.т. (9х9) – I орын FC Namys Aktau, II орын Football Master, III орын Samga
    •    2011 ж.т. (9х9) – I орын FC Namys Kyzyltobe, II орын FA Alash, III орын Samga
    •    2010 ж.т. (11х11) – I орын FC Namys Aktau, II орын FC Basqudyk, III орын Atameken
    •    2008-2009 ж.т. (11х11) – I орын FC Namys Kyzyltobe, II орын FC Basqudyk, III орын Atameken

Жеке номинациялар бойынша үздіктер:
2015-2016 жылы туғандар арасында «Үздік қақпашы»  Орақбай Дидар (Namys Kyzyltobe), «Үздік қорғаушы» Қайырбек Бейбарыс (BS U10 ), «Үздік шабуылшы» Бауыржан Бекнұр (FC Namys Aktau), «Сұрмерген» Рустам Жасұлан (Namys Kyzyltobe), «Үздік ойыншы» Табынбай Ерасыл (Namys Kyzyltobe). 

2013-2014 жылы туғандар арасынан «Үздік қақпашы» Дауылбай Дәулет (FC Namys Kyzyltobe), «Үздік қорғаушы» Үсен Еркебұлан (BS U13), «Үздік шабуылшы» Қалды Ғалымжан (Ershe), «Сұрмерген» Баймұхан Абзал (FC Namys Kyzyltobe), «Үздік ойыншы» Батыр Ертай (FC Namys Kyzyltobe).

2012 жылы туғандар арасынан «Үздік қақпашы» Нұрберген Қоныскерей (FC Namys Aktau), «Үздік қорғаушы» Өрісбай Бекнұр (Football Master), «Үздік шабуылшы» Жалғасбаев Рамазан (Samga), «Сұрмерген» Даребай Қанағат (FC Namys Aktau), «Үздік ойыншы» Жұмабек Ақарыс (FC Namys Aktau).

2011 жылы туғандар арасынан «Үздік қақпашы» Қимұрат Абзал (FC Namys Aktau), «Үздік қорғаушы» Ибрагимов Ғалымжан (FA Alash), «Үздік шабуылшы» Құбан Ырысбек (Samga), «Сұрмерген»  Дүрдімұратов Ербол (FC Namys Aktau), «Үздік ойыншы» Құсайын Санжар (FC Namys Aktau). 

2010 жылы туғандар арасынан «Үздік қақпашы» Джэнаги Эхсан (Namys Aktau), «Үздік қорғаушы» Жәрдемғали Жанболат (Atameken), «Үздік шабуылшы» Шаңғытбай Жақсыбек (FC Basqudyk), «Сұрмерген» Ғайыпназар Нұржан (Namys Aktau), «Үздік ойыншы» Базарбай Нұрбол (Namys Aktau),

2008-09 жылы туғандар арасынан «Үздік қақпашы» Мақсот Мирас (FC Basqudyk), «Үздік қорғаушы» Данатар Ернұр (Namys Kyzyltobe), «Үздік шабуылшы» Пурханатдин Жан (Atameken), «Сұрмерген» Жоламан Еркебұлан (Namys Kyzyltobe), «Үздік ойыншы»  Нысанбай Нұрниет (Namys Kyzyltobe).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары