Астанада еліміздегі футбол клубтарының маркетологтарына арналған семинар өтті

Семинар спорттық маркетинг саласындағы кәсіби дағдыларды арттыруға, дамудың жаңа құралдарын енгізуге және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға бағытталды.
Семинар спикерлерінің қатарында:
• Константин Клюшев – Ресейдің «Акрон» ФК бас директоры;
• Тахи Омаров – SOTA компаниясының негізін қалаушы және бас директоры;
• Томаж Лейсяк – Словенияның «Целе» ФК коммерциялық және креативті маркетинг бөлімі басшысы;
• Перас Клемен – «Целе» ФК-ның цифрлық интеграция және билет сату жөніндегі менеджері;
• Руслан Есентаев – нейродизайнер, жасанды интеллект зерттеушісі, «Гравитация» студиясының негізін қалаушы;
• Антон Лысяк – Freedom QJ League медиа және маркетинг блогының жетекшісі.
Спикерлер цифрлық технологиялар, серіктестік бағдарламалар мен креативті шешімдер бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Целе» клубының өкілдері демеушілермен жұмыс істеу стратегиясын таныстырса, SOTA компаниясы жасанды интеллект қолданылған жобаларын көрсетті. Ал «Акрон» ФК бас директоры матч-дэй ұйымдастыру және клубтық іс-шараларды дамыту мәселелерін қозғады. Freedom QJ League өкілдері онлайн және офлайн ортадағы маркетингтік бастамалар тәжірибесін ұсынды.
Негізгі бағдарламадан кейін тыңдаушылар қазақстандық маман Альбина Бунескудің қатысуымен өткен практикалық воркшопта тәжірибе алмасты.
Семинар қазақстандық клубтарға жанкүйерлермен жұмысты дамытуға, аудиторияны кеңейтуге және серіктестермен өзара қарым-қатынастың жаңа формаларын құруға мүмкіндік беретін идеяларды алмасу алаңына айналды.