Таразда Қазақстан әуесқой лигасы жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан әуесқой лигасы іріктеу кезеңі аясында жеңімпаз атанған командаларды мараттау салтанатына бірінші лига жүлдегерлері мен жоғары лига чемпиондары қатысты.
Қазанда өтететін Қазақстан әуесқой лигасы ойындарының финалында Жамбыл облысының намысын «ФК НДФЗ» командасы қорғайды. Ал 2 орынды «ФК Ұшқын», 3 орынды «ФК Самғау» командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ үздік ойын көрсеткендерге келесі номинациялар табысталды.
«Үздік қақпашы» – Рүстем Қапаров («ФК НДФЗ»);
«Үздік қорғаушы» – Бауыржан Қадыров («ФК Ұшқын»);
«Үздік жартылай қорғаушы» – Әлімбек Жасұлан («ФК Самғау»);
«Үздік шабуылшы» – Рысбек Шыңғыс («ФК Қаратау»);
«Үздік ойыншы» – Әліби Әбдірасіл («ФК НДФЗ»);
«Үздік сұрмерген» – Нұрзат Парманов («ФК НДФЗ»);
«Алтын бала» (Golden Boy), ең жас ойыншы – Заңғар Аманалы («ФК Шайдана»);
«Шебер» (Master), ең ардагер ойыншы – Досан Алибаев («ФК Байзақ»);
«Үздік жаттықтырушы» – Тоқтар Төлегенов («ФК Самғау»);
«Үздік жанкүйер» – Мансұр Нұрханов;
«Адал ойын» номинациясы – «ФК Тұран» командасы.
Ал жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншілікте «ФК Ұлан 2008» командасы жеңімпаз атанды. Ал жүлделі 2 орынды «ФК 08 Регион», 3 орынды «ФК Ұлан 2009» командасы иеленді.