Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогы аясында Беларусь құрамасына жол берді

Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогы аясында Беларусь құрамасына жол берді

20 ақпан 2026, 22:20
Қазақстан U-17 құрамасы Беларусьте өтіп жатқан Даму Кубогы ойындары аясындағы екінші ойынын өткізді.

Бауыржан Сағындықтың шәкірттері екінші ойында Беларусь құрамасының жасөспірімдеріне қарсы алаңға шықты. Кездесу турнир қожайындарының 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

21 ақпанда өтетін келесі матчта Қазақстан құрамасы Тәжікстан U-17 құрамасына қарсы ойнайды.

Турнирге сегіз елдің командасы қатысуда. Олар Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Минск қаласының құрамасы. Командалар екі топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамалары, ал «В» тобында Беларусь U-16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей құрамалары өнер көрсетуде.

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 2:0

Голдар: Воронин, Санко.

Қазақстан U-17 құрамы:
Батырхан Серікбай (қақпашы), Мансур Авасханов, Нұралы Азатқазы, Мейірлан Балтабаев, Дамир Жүсіпбеков, Ислам Рақым, Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Жәнібек Жайлаубек, Әлихан Жұмабек, Расул Акимов.

Қосалқы құрам:
Никита Килджиев (қақпашы), Әлихан Шайзада (қақпашы), Марлен Амренов, Дәулет Орынбасар, Расул Досан, Дигдар Омаров, Данил Золкин, Ануар Төленді, Ибрахим Бауыржанов, Мағзұм Жоламан, Шәріпхан Шәріпжан, Әлихан Әбді, Мәди Мұкашев.

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық.

Төрешілер: Даниил Дудал, Яхор Малютсин, Яраслау Раманау, Станислау Якутсевич (барлығы – Беларусь).

Бөлісу
Жоғары