Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады

19 ақпан 2026, 14:10
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь елінде өтіп жатқан Даму Кубогы турниріндегі алғашқы ойынын өткізді.

Жарыстың алғашқы күні біздің команда Минск құрамасымен кездесті. Матч есебі алғашқы таймда ашылды: гол авторы - Дигдар Омаров. Екінші таймда Ислам Рақым пенальтиден есепті еселесе, Дигдар Омаров екінші голын соқты.

Келесі ойында Қазақстан құрамасы 20 ақпан күні Беларусь U-17 құрамасымен кездеседі. Матч 20:00-де басталады. Ал 21 ақпанда 13:00-де біздің жасөспірімдер Тәжікстан U-17 құрамасына қарсы ойнайды.

Турнирге сегіз команда қатысып жатыр: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Минск қаласының құрамасы. Командалар екі топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобында Беларусь U-16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей құрамалары бақ сынауда.

Минск U-17 – Қазақстан U-17 – 1:3

Голдар: Дигдар Омаров (дубль), Ислам Рақым

Минск U-17: Мікалай Барушноу (Қ), Даниил Аксененко, Микита Веранкоў, Канстантин Карпаеў, Евгений Барыскин, Роман Яцинович, Серафим Серафимович, Клим Лобан, Дмитрий Варанцов, Илья Каурыга, Артём Плешка.

Қосалқы құрам:Роман Журавкин (Қ), Манолис Акритидис, Павел Никитич, Роман Кароль, Денис Дзимитрау, Пётр Кудрауцов, Максим Иванов, Максим Пятроўский, Усевалад Горбацкий, Уладзислаў Хачатуран, Андрей Свердликов, Артём Сапеха, Артём Саучыц.

Аға бапкер: Уладзимир Дзятлау

Қазақстан U-17: Никита Кильджиев (Қ), Марлен Әмренов, Мансур Авасханов, Нұралы Азатқазы, Дамир Юсупбеков, Расул Досан, Дигдар Омаров, Мағзұм Жоламан, Шәріпхан Шәріпжан, Әлихан Абди, Мади Мұқашев.

Қосалқы құрам: Батырхан Серікбай (Қ), Мейірлан Балтабаев, Дәулет Орынбасар, Ислам Рақым, Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Жәнібек Жайлаубек, Акбар Сәденов, Данил Золкин, Әлихан Жұмабек, Әнуар Төленді, Расул Әкімов, Ибраһим Бауыржанов, Әлихан Шайзада (Қ).

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық

Төрешілер: Алиаксей Грыхорьев, Иван Рымкевич, Яфим Калацкий, Илья Сущинский (бәрі - Беларусь)

Бөлісу
Жоғары