Қазақстан құрамасының дәрігері UEFA FDEP жобасы бойынша оқыту курсынан өтті

Қазақстан құрамасының дәрігері UEFA FDEP жобасы бойынша оқыту курсынан өтті

10 ақпан 2026, 12:03
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының дәрігері Бауыржан Абаев UEFA Football Doctor Education Programme (FDEP) жобасы бойынша оқыту курсынан өтті.

Бұл УЕФА-ның ұлттық футбол қауымдастықтарының дәрігерлеріне арналған біліктілігін жоғарылату курсы. Бағдарлама аясында заманауи спорттық медицинаның негізгі бағыттары қамтылады: алаңдағы шұғыл медициналық көмек көрсету, футболға тән жарақаттарды анықтау және емдеу, ойыншылардың денсаулығын қорғау, оңалту және жарақаттың алдын алу мәселелері қарастырылады.

Оқу процесі аралас форматта өтеді: офлайн семинарлар ұйымдастырылып, сонымен қатар онлайн платформа арқылы оқу материалдары мен әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылады. Бағдарламаның барлық кезеңінен сәтті өткеннен кейін Қазақстан құрамасының дәрігері УЕФА-ның ресми сертификатына ие болды. Бұл құжат оның футбол медицинасындағы халықаралық талаптарға толық сай екенін растайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары