Жаттықтырушыларды UEFA «C» санатына оқыту курсы өтті

Жаттықтырушыларды UEFA «C» санатына оқыту курсы өтті

04 ақпан 2026, 15:30
Еліміздің төрт қаласында жаттықтырушыларды UEFA «C» санатына оқыту курсының төртінші модулі өтті. Ол Алматы, Семей, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.

Бұл жолы бағдарлама жекпе-жек эпизодтарына арналды. Қатысушылар ойын жағдайларын 1х1, 2х1, 1х2, 2х2 форматтарында жан-жақты талдап, оларды шабуыл және қорғаныс тұрғысынан қарастырды.

Курста шешім қабылдауға, дұрыс позиция таңдауға және ойыншылар арасындағы өзара әрекетке басымдық берілді. Сонымен қатар, жеке тактиканың негізгі қағидаты, топтағы өзара әрекет принциптері және жас футболшылардың тактикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары кеңінен талқыланды.

Мұнда берілген білім мен тәжірибе жаттықтырушыларға жаттығу үдерісінің сапасын арттыруға, балалар мен жасөспірімдер футболындағы ойыншыларды даярлауға мүмкіндік береді.

Бөлісу
Жоғары