Әсем Кужанова Еуро-2026 футзал матчтарына делегат болып тағайындалды
Ол Каунаста(Литва) өтетін турнир кезінде «B» тобының барлық матчында жұмыс істейді.
Әсем Кужанова - 2019 жылдан бері UEFA футзал делегаты. Оның мәртебесі сол жылы мамырда Алматыда өткен футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы финалының соңында расталды. Бұл уақытта ол турнир директоры ретінде жұмыс істеді. Бұдан бұрын UEFA делегаты ретінде шақырылып, 2017 жылы Алматыда өткен UEFA футзал Кубогының финалына қатысып, турнир директоры қызметін атқарды.
Әсем Кужанова халықаралық деңгейдегі 58 матчты ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына қатысқан (UEFA делегаты ретінде жұмыс істеген уақыты мен Евро-2026 матчтарын қоса алғанда). Оның ішінде 2022 жылы Португалияның Гондомар қаласында өткен әйелдер футзалынан Еуропа чемпионатының финалы бар.
Әсем Кужанова «Қайрат» футзал клубында ұзақ уақыт жұмыс істеген, сондай-ақ Қазақстан футзал ассосациясында түрлі деңгейдегі жарысты ұйымдастыру және дамыту жұмыстарында тәжірибесі бар.