Дэвид Эллерэй: «KAZCORE бағдарламасы Қазақстандағы төрешілікті дамытудың маңызды кезеңі»
– UEFA CORE бағдарламасы 16 жылдан бері іске асырылып келеді. Бағдарлама аясында төрешіліктің сапасын арттыру мен дамытуды көздейтін арнайы орталық жұмыс істейді. Бірқатар ұлттық қауымдастықта жоба аясы кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Енді оны Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігі туғанына қуаныштымын.
KAZCORE бағдарламасы жас төрешілерді отандық футболда да, халықаралық деңгейде де жүйелі түрде дамыту мақсатында құрылды. Бағдарлама сәтті басталды. Алғашқы сессияға төрт жас төреші қатысты. Олар оқуға және кәсіби тұрғыда өсуге жоғары ынта танытты. Қатысушыларға KAZCORE бағдарламасының философиясы таныстырылды. Кейін жұмысқа нұсқаушылар мен ФИФА арбитрлері, футзал төрешілері, сондай-ақ VAR төрешілері қосылды. Олар қатысушыларға оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар ФИФА-ның 2026 жылға арналған ресми бейдждерін табыстадық. Бағдарлама аясында алда тағы екі сессия жоспарланды. Бірінші сессия төрешіліктің негізі саналатын ойын ережелерінің философиясы мен эволюциясына арналды. Ал екінші бөлімде матч эпизодтарына бейнеталдау жүргізеді.
Қазірдің өзінде қатысушылардың білім алуға деген құлшынысы жоғары екені және оқу процесіне толықтай ден қойғаны байқалады. Біз Қазақстандағы төрешіліктің қарқынды дамып келе жатқанын түсінеміз, ал KAZCORE бағдарламасының іске қосылуы осы бағыттағы маңызды қадам болып отыр, - деді Дэвид Эллерэй.