Какау – футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері
16 қаңтар 2026, 14:34
54 жастағы маман футзалдан Қазақстан құрамасын 2013-2018 жылы баптады. Оның қол астында ұлттық құрама 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.
Клубтық деңгейде Какау алматылық «Қайратта» сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алған.
Сондай-ақ Какау Чехияның «Хрудим», Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Чехия, Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.
Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жұмысына сәттілік тілеп, маманның Қазақстанға оралуы отандық футзалдың дамуына әсер ететініне сенімді.
Жаңалықтар
15 қаң., 17:17
26 жел., 15:54
23 жел., 11:06