Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы Dutch Football Cup 2025 турнирі аяқталды

Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы Dutch Football Cup 2025 турнирі аяқталды

23 желтоқсан 2025, 17:44
15 қараша мен 21 желтоқсан аралығында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы Dutch Football Cup 2025 футбол турнирі өтті.

Бұл жарыс елдегі жас футболшылар үшін маусымның маңызды оқиғаларының бірі болды. Турнирге 2013 - 2017 жылдары туған бес жас санаты бойынша 40-тан астам команда мен 500-ге жуық ойыншы қатысты.

Профильдік бөлімше ҚФФ-ның 2025–2030 жылдарға арналған Даму стратегиясы аясында 2013 және 2014 жылы туған футболшылардың кәсіби сәйкестендіруі мен әлеуетін бағалау жұмыстарын жүргізді.

Негізгі мақсат – 2026 жылы аймақтық орталықтарды іске қосу және олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін негіз болатын бірыңғай ұлттық таланттар базасын қалыптастыру мақсатында жас ойыншылар туралы объективті деректерді жинау және жүйелеу болды.

Анықталған футболшылар ҚФФ-ның бірыңғай деректер базасына енгізіледі. Алынған ақпарат алдағы селекциялық, аналитикалық және әдістемелік жұмыстарда, сондай-ақ ҚФФ жүйесінде ойыншылардың жеке даму жоспарларын құруда пайдаланылады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары