Геннадий Скуртул УЕФА-ның жаттықтырушыларды кәсіби дамыту жүйесі туралы семинарға қатысты

Геннадий Скуртул УЕФА-ның жаттықтырушыларды кәсіби дамыту жүйесі туралы семинарға қатысты

12 желтоқсан 2025, 10:01
Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры, УЕФА техникалық нұсқаушысы және UEFA JIRA комиссиясының мүшесі Геннадий Скуртул UEFA Share бағдарламасы аясындағы бапкерлерді үздіксіз кәсіби дамыту (CPD) туралы халықаралық семинарға қатысты.

Іс-шара 8-12 желтоқсанда Кишинёв қаласында Молдова футбол федерациясының оқу орталығы базасында өтіп, оған УЕФА-ның ұлттық қауымдастығына мүше 14 елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында Бельгия,Норвегия,Солтүстік Ирландия,Финляндия,Грузия,Андорра,Албания,Косово,Солтүстік Македония,Украина,Черногория,Молдова,Мальта және Эстония бар.

Семинар ұлттық қауымдастықтардың бапкерлерді үздіксіз оқытудың заманауи модельдерін әзірлеу,икемді білім беру форматтарын енгізу және тұрақты кәсіби даму мәдениетін қалыптастыру бойынша құзыреттіліктерін күшейтуге бағытталды. Бағдарлама тәжірибе алмасуды,Еуропаның өзекті практикаларын зерттеуді және бапкерлер мен инструкторларға арналған CPD жүйесінің бірлескен үлгісін әзірлеуді қамтыды.

Семинар жұмысына бапкерлерді оқыту департаменттерінің басшылары,техникалық директорлар,сондай-ақ УЕФА мен ұлттық федерациялардың жетекші инструкторлары қатысты.

Бағдарлама аясында Геннадий Скуртул негізгі модераторлардың бірі ретінде сөз сөйледі. ҚФФ техникалық директоры бапкерлерді кейс арқылы оқыту әдістемесіне арналған сессияны және тренерлік білім беру инструкторларының кәсіби өсуіне бағытталған «Бапкерлерді оқытушыларды дамыту» атты блокты өткізді.

Қазақстанның мұндай шараларға қатысуы ұлттық бапкерлік дайындық жүйесінің белсенді дамып келе жатқанын және елдің УЕФА бапкерлік конвенциясының қатысушысы ретіндегі мәртебесін айғақтайды. CPD құралдары мен заманауи әдістемелік шешімдер 2025 жылдан бастап ҚФФ жүзеге асыратын жаттықтырушыларға білім беруді реформалау үдерісіне енгізілмек.

Геннадий Скуртул бапкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы жүйесін жетілдірудің және УЕФА-ның үздік тәжірибелерін ұлттық модельге бейімдеудің маңызын атап өтті.

«Үздіксіз кәсіби даму – заманауи бапкерлік мамандықтың негізі. Басты мақсат – Қазақстандағы бапкерлер мен нұсқаушыларды тек лицензиялау курстары аясында емес,мансап бойы дамып отыруы. Мұндай семинарларға қатысу бізге УЕФА-ның үздік шешімдерін ұлттық контекске бейімдеуге және жүйеміздің дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді»,деді Геннадий Скуртул.

Семинар UEFA Share – Visit 27 бағдарламасы аясында өтіп,бапкерлік білім беруді дамыту және ұлттық қауымдастықтарда жаттықтырушыларды даярлау жүйесін жаңғыртуды қолдауға бағытталған халықаралық бастамалардың жаңа циклының бір бөлігі болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары