Қазақстан U-19 құрамасының элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды
10 желтоқсан 2025, 16:21
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы 5-топқа түсті. Бұл топта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнаймыз.
Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Румынияда өтеді.
Элиталық кезеңге қатысатын 28 құрама жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Финалдық кезеңге жарыс қожайыны Уэльс құрамасы автоматты түрде қатысады.