Астанада әйелдер командаларының бапкерлеріне арналған физикалық дайындық семинары басталды

Астанада әйелдер командаларының бапкерлеріне арналған физикалық дайындық семинары басталды

05 желтоқсан 2025, 13:53
Астанада Әйелдер лигасы, QJ League W командаларының, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының мамандарына арналған екі күндік білім беру семинары басталды.

Бағдарламаға заманауи фитнес-дайындық тәсілдері, жаттығу циклдарын жоспарлау және футбол алаңындағы практикалық жұмыс бойынша теориялық дәрістер мен тәжірибелік сабақтар кіреді.

Шарада Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория құттықтап, әйелдер футболын жүйелі түрде дамыту мен спортшыларды дайындауда ғылыми негізделген әдістерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар бапкерлерінің физикалық дайындықтағы біліктілігін арттыру және әйелдер футболында қолданылатын бірыңғай әдістемелік базаны жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама әйел спортшылардың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың физикалық дайындығы мәселелеріне айрықша назар аударады. Мұндай тәсіл жаттығу жүктемелерін дұрыс жоспарлауға, жарақат алу қаупін азайтуға және маусым бойы спорттық бабын сақтауға көмектеседі.

Оқу сабақтарын УЕФА инструкторлары Наоми Датсон мен Мелани Паули жүргізеді. Олар еуропалық дайындықтың өзекті модельдерін ұсынады.

Семинар Қазақстанда 2025-2030 жылдарға арналған әйелдер футболын дамыту стратегиясы аясында өтіп жатыр. Бұл футболшы қыздарды даярлау жүйесін жетілдіру мен бапкерлер құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың маңызды бөлігі саналады.

Бөлісу
Жоғары