Жанна Мальгаждарова: «Бұрынғыдан да мықты болып оралуымыз керек»
– Өкінішке қарай, біз барлық ойында жеңіліп қалдық. Бұл нәтиже, әрине, бәрімізді қынжылтты. Бірақ соған қарамастан, барлық ойыншыларға және бүкіл штабқа үлкен алғыс айтқым келеді. Әрқайсысы барын салып, 100% беріліп ойнады.
Турнирге дайындық та толыққанды болды. Екі оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Шымкентте Үндістанның U-20 құрамасымен екі жолдастық матч ойнадық. Ол ойындар да бізге жақсы тәжірибе берді. Ал екінші жиын турнир қарсаңында өтіп, жеңісті болды. Бәріміз бір мақсатқа жұмылдық, үміттендік, жақсы нәтиже күткендей едік. Бірақ, өкінішке қарай, бәрі ойдағыдай болмады.
Дегенмен, бұл – бәріміз үшін үлкен тәжірибе. Елімізге оралған соң барлық ойынымызды мұқият талдап шығамыз. Қай жеріміз дұрыс болды – соны күшейтеміз, қай жерде қателестік – соны түзетуге жұмыс істейміз. Біз міндетті түрде бұрынғыдан да мықты болып оралуымыз керек.