Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Мальтадағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады

Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Мальтадағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады

01 желтоқсан 2025, 15:40
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы УЕФА Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынады.

В лигасының 6 тобында Қазақстан құрамасы Израиль, Латвия және Мальта командаларымен күш сынасты. Барлық ойындар Та’Кали қаласындағы Centenary Stadium аренасында өтті.

25 қараша күні өткен алғашқы ойында Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Израиль WU-17 командасынан 0:2 есебімен ұтылды. Қарсылас тарапынан Тамар (9') және Бен Исраэль (25') көзге түсті.

Екінші кездесуде қыздарымыз Латвия құрамасына қарсы ойын өткізді. Бұл матчта Дзене (15') мен Белова (74') соққан голдардың арқасында Латвия WU-17 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Іріктеудің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Мальта командасымен кездесіп, 1:3 есебімен есе жіберді.

 
Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары