Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті командасы – Qazaqstan Student League чемпионы
Финалда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті командасын 5:0 есебімен жеңген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті командасы Qazaqstan Student League чемпионы атанды. Жеңімпаз команда 2026 жылы наурыз айында Аджман (БАӘ) қаласында өтетін халықаралық жарысқ қатысады. Бұл турнирді Халықаралық студенттер футболы федерация (ISFU) Emirates Sports Group бірге ұйымдастырады.
Қола жүлде үшін матчта Astana IT University командасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті ұжымын жеңді.
Жеке марапаттар:
-
Үздік қақпашы: Эмир Бакижанов (Astana IT University)
-
Үздік қорғаушы: Сұлтан Абдраман (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
-
Үздік жартылай қорғаушы: Әділхан Батырша (АГЭУ)
-
Сұрмерген: Арсен Ахметов (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)
-
Үздік бапкер: Мақсат Әли (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
-
Үздік ойыншы: Аян Жақайым (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)