«Әкелер кеңесі» командасы «Достық Кубогының» иегері атанды
Жарысқа 11 команда қатысты. Олар: «Аль-Фаттах» (Ислам), «АПМД» - Астана православ жастар қозғалысы (Православ шіркеуі), Fatima (Рим католик шіркеуі), «Сәлем Астана» (Евангелист христиандар-баптистер), «Шанырак» (Евангелист христиандар), «Агапе» (Пятидесятниктер шіркеуі), «Grace - Благодать» (Пресвитериан шіркеуі), «Лиахона» (Иса Мәсіхтің соңғы күн әулиелері шіркеуі), Bahai Astana (Бахаи), «Азия - МІХ» (аралас құрам), «Әкелер кеңесі» (аралас құрам).
Ойын 6*6 форматында әр тайм 10 минуттан өтті.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде «Әкелер кеңесі» командасы Кубок иегері атанды. Ал «Азия - MIX» командасы 2-орынды, «АПМД» командасы 3-орынды иеленді.
Сондай-ақ үздік ойын көрсеткендер арнайы номинациямен марапатталды.
«Үздік бомбардир» - Кирилл Кулагин (АПМД)
«Үздік шаьуылшы» - Тұрғынов Рүстем (Aзия-MIX)
«Үздік қорғаушы» - Сұлтан Кеңесбеков (Bahai Astana)
«Үздік қақпашы» - Сыдыков Жанайдар (Аль- Фаттах)
Fair play - «Шаңырақ» командасы
Турнирдің бас серіктесі — «QAMQOR-ASTANA» қоры. Дода Казақстан халқының бірлігің, түрлі діни конфессиялар мен мәдениеттер өкілдері арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.