Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде Нидерланд құрамасынан жеңілді
Кирилл Кекердің командасы екінші ойында Нидерланд құрамасымен кездесті. Ойын жарыс қожайындарының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан U-19 құрамасы сапынан жалғыз голды Алдияр Нұрғали пенальтиден соқты.
Бұдан бөлек, 72 минутта Нидерланд ойыншысы Тобиас ван ден Элсхауттың пенальтиден жасаған соққысын Шерхан Қалмырза қайтарды.
Екі турдан кейін Нидерланд құрамасы көш басында тұр. Қазақстан мен Ирландия құрамалары екінші орынға жайғасса, Кипр соңғы орында келеді.
Нидерланд U-19 – Қазақстан U-19 – 2:1
Гол соққан: Томас 27, Джонсон 32 – Нұрғали 86 (пен)
Соғылмаған пенальти: ван ден Элсхаут 72
Ескертулер: Акылбаев 34, Жексенбек 51, Толеухан 87.
Нидерланды U-19: ван дер Вельде (Қ), Олденстам (ван дер Ланс 80), Джонсон, Баувман, Йеттен, Коллер (ван ден Эльсхаут 61), Эль-Хармуз, ван ден Берг (К), Гюрбюз (Мессори 61), Клюеверт (Крайевельд 69), Томас (Бахати 69).
Қосалқы құрам: Зон (Қ), Манухуту, Вианелло.
Аға бапкер: Адиль Рамзи.
Қазақстан U-19: Қалмырза (Қ), Қалиқұлов, Қалиев, Базарбаев, Ташпулатов, Ақылбаев (Петрик 46), Жексенбек (Төребек 69), Әбіш (Назаров 69), Тұяқбаев (К) (Төлеухан 61), Бекболат (Бірқұрманов 61), Нұрғали.
Қосалқы құрам: Реймов (Қ), Сағын, Бақытжанов.
Аға бапкер: Кирилл Кекер.
Төрешілер: Бенце Сонка, Норберт Борнемисса (екеуі де – Венгрия), Бартош Хейниг, Дамиан Кос (екеуі де – Польша).
15.11.2025. «Спортпарк Вондерсвейде», Олдензаал, Нидерланд.