Қазақстандық төрешілер тобы Еуропа чемпионатына (U-19) іріктеу кезеңінде қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер тобы Еуропа чемпионатына (U-19) іріктеу кезеңінде қызмет атқарады

12 қараша 2025, 16:35
Отандық төрешілер тобы 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчтарына қызмет етуге тағайындалды.

Мальтаның Та’ Қали қаласындағы Centenary Stadium стадионында өтетін Мальта – Солтүстік Ирландия (12 қараша) және Солтүстік Ирландия – Әзербайжан (15 қараша) ойындарында бас төреші міндетін Саят Қарабаев атқарады. Оған отандасы Евгений Долгих көмектеседі. 

Болат Сәриев Италияның Катания қаласындағы «Анджело Массимино» стадионында өтетін Босния және Герцеговина – Польша (12 қараша) және Италия – Босния және Герцеговина (15 қараша) матчтарында бас төреші қызметіне тағайындалды. Оған көмекші ретінде қазақстандық маман Сергей Васютын қызмет атқарады.

Бөлісу
Жоғары