Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысатын Қазақстан U-19 құрамасының нақты құрамы
Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны барысында 21 ойыншы таңдалды.
Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалықұлов, (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Абзал Сағын, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәли Әбіш, Азамат Тұяқбаев (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»), Даниал Назаров («Астана») ;
Шабуылшылар: Мансур Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания);
Бапкерлер құрамы: Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы бапкері, Виталиий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – сарапшы-бапкер, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Ойындар Нидерландта өтеді. Қарсыластарымыз – Кипр, Ирландия және Нидерланд құрамалары.