ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды

ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды

07 қараша 2025, 16:40
Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің отырысында Техникалық даму комитеті туралы Ережесі мен құрамы бекітілді

Комитеттің құрылуы – еліміздегі футболдың техникалық даму мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға, футболшылар мен жаттықтырушыларды даярлау әдістемелік негізін жетілдіруге және халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Техникалық даму комитеті – ҚФФ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін кеңесші-сараптамалық орган. Комитеттің негізгі міндетіне федерацияның техникалық бағдарламалары мен стратегиялық бастамаларын іске асыруға әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету, регламенттер мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту мен футбол мамандарын даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесу кіреді.

Комитет құрамына отандық футболдың танымал мамандары, ардагерлері мен функицонерлері енді. Олар: Талғат Байсуфинов, Владимир Никитенко, Евгений Яровенко, Дмитрий Огай, Ваит Талгаев, Асқар Қожабергенов және Павел Черепанов. Комитет төрағасы болып Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вахид Масудов тағайындалды.

Комитет өз жұмысында ашықтық, әріптестік және кәсіби жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады. Қабылданған шешімдер ұсынымдық сипатқа ие болып, Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің қарауына жіберіледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары