Қазақстан U-21 – Молдова U-21 матчына аккредитация алу туралы
07 қараша 2025, 10:32
Фото: ФК Кайрат
БАҚ өкілдерінің аккредитация алу өтініштері келесі ақпаратты қамтитын хат түрінде қабылданады: тегі, аты, жеке куәлігін растайтын құжат нөмірі, байланыс деректері, сондай-ақ ресми бланкіде бас редактордың қолы және мөрімен расталған редакциялық тапсырмалар. Сондай-ақ әрбір БАҚ өкілінің функциясын көрсету қажет (жазушы журналист, фотограф, ТВ, радио).
Хаттарды баспасөз қызметінің press@kff.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Қазақстан U-21 және Молдова U-21 құрамалары арасындағы матч 17 қарашада Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 19:30-да басталады.
Аккредитациялар матч күні, ойын басталуға екі сағат қалғанда «Астана Арена» стадионында беріледі.
Жаңалықтар
03 қар., 15:10