Алматыда футбол нұсқаушылары мен тәлімгерлеріне арналған алғашқы оқыту курсы өтті
Бағдарлама ұлттық нұсқаушылар мен тәлімгерлер жүйесін дамыту және Қазақстандағы футбол жаттықтырушыларын даярлау сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Оқытуға еліміздің әр аймағынан келген мамандар қатысты. Олар классикалық футбол, футзал, қақпашыларды және фитнес дайындығын қамтитын бағыттарда жұмыс істейді. Болашақта бұл мамандар «C-Futsal», «C», «B», «B-Goalkeeper» және «B-Fitness» лицензиялық курстарында нұсқаушы және тәлімгер ретінде жұмыс істей алады.
Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Курста келесі тақырыптар қарастырылды:
-
тәлімгерлік қағидаттары мен жаттықтырушыларды жеке сүйемелдеу әдістері;
-
тиімді кері байланыс пен жаттығу процесін талдау тәсілдері;
-
ересектерді оқыту ерекшеліктері және жаттықтырушылардың сыни ойлау деңгейін дамыту;
-
жаттығу сабақтарын бақылау және бағалау.
Курста басымдық тәлімгер мен жаттықтырушы арасындағы өзара әрекеттестікке, сенімді оқу ортасын қалыптастыруға және үздік әдістемелік тәжірибе алмасуға берілді.
Курс спикерлері ретінде ҚФФ техникалық директоры Геннадий Скуртул және Станислав Погорелов сөз сөйледі. Бағдарлама менторлары Владимир Никитенко, Иван Азовский, Дмитрий Васильев, Дмитрий Огай және Евгений Яровенко қатысып, өздерінің тәжірибесі мен әдістемесін ортаға салды.
Бұл оқыту ҚФФ-ның 2025-2030 жылдарға арналған техникалық даму стратегиясын іске асырудағы маңызды кезең болды. Стратегияның мақсаты – жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін арттыру және футбол білімін дамыту.
Курс қатысушыларының тізімі:
«Футбол» бағыты бойынша нұсқаушы-тәлімгерлер:
Руслан Курганов, Жанна Мальгаждарова, Ернар Омаров, Аслан Омарбеков, Азат Мырзғалиев, Ерлан Махамбедиев, Нұржан Әбілдаев, Юлия Ширяева, Серікбек Қаппаров, Константин Котов, Рустам Фардиев, Ефим Германович, Максим Шевченко, Николай Стоякин, Филлип Богер, Бауыржан Сағындық, Сергей Масленов.
«Футзал» бағыты бойынша нұсқаушы-тәлімгерлер:
Пауло Рикардо Кака, Әміржан Мұқанов, Семен Палагутин.
«Қақпашыларды даярлау» бағыты бойынша нұсқаушы-тәлімгерлер:
Олег Воскобойников, Тимур Оразов, Виталий Кувшинов, Николай Родионов, Юрий Новиков.
«Фитнес» бағыты бойынша нұсқаушы-тәлімгерлер:
Александр Кучма, Рустам Усманов, Евгений Антонов.