Балалар мен жасөспірімдер арасында жаңа чемпионат басталады
                                            Ол 15 қарашадан 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнир 5 жас санаты бойынша, 2013 (8*8), 2014 (7*7), 2015 (7*7), 2016 (6*6) және 2017 (5*5) жылы туған балалар арасында ұйымдастырылады. Оған 60-тан астам команда, 600-ге жуық ойыншы қатысады.
Мұнда үздік ойын көрсеткен ойыншыларға келесідей марапат ұсынылады. «Үздік қақпашы» атағын алған ойыншыға «Dutch Football Academy» ұсынған қақпашыларға арналған арнайы дайындық курсының сертификаты беріледі. Ал «Үздік қорғаушы» атанған футболшыға «Dutch Football Academy» және «Total Soccer Method» серіктестігімен PRO бағдарламасы бойынша үш айлық курс сертификаты, «Үздік жартылай қорғаушыға» фирмалық финттер мен техниканы меңгеруге арналған үш айлық курс сертификаты, «Үздік шабуылшыға» TSM Academy голландиялық жаттықтырушыларымен бірге сыртқы интенсивке қатысу мүмкіндігі және «Турнир таланты» атанған ойыншыға «Toni Kroos Academy» халықаралық интенсивіне қатысуға мүмкіндік (2026 жылдың басында Қазақстанда өтеді) беріледі.
«Dutch Football Cup – 2025» – жас футболшылар үшін кәсіби өсуге, жаңа тәжірибе алуға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға бағытталған ҚФФ-ның стратегиялық жобаларының бірі.