Қазақстан құрамасының Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі

Қазақстан құрамасының Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімі

31 қазан 2025, 19:56
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұкан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Талғат Кусяпов (бәрі – «Актобе»), Ян Вороговский, («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»).

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында екі ойын өткізеді. 15 қарашада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасын қабылдаса, 18 қарашада Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдары құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Бельгияға қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер дүйсенбі күні, 3 қарашада сатылымға шығады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары