Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 26-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
 
                                            Ақтөбе – Ордабасы
90+2 минут. Қонақтардың айып алаңында қорғаушы допты алшақтатпақ болды. Дәл алдында тұрған әріптесі №25 жақын қашықтықта тұрған, сол сәтте доп қатты жылдамдықпен келіп оның қолына тиді. Қол денеге жабысып тұрған. Төреші ереже бұзушылық болмағандықтан, ойынды жалғастыру жөнінде дұрыс шешім қабылдады. Барлық белгілер бұзушылықтың болмағанын көрсетті: допты өз ойыншысы тепті, бағыты қақпадан алшақ болды, соққы тым жақын қашықтықтан жасалды, ал қол табиғи қалыпта денеге жабысып тұрды.
VAR шешімі: эпизод тексерілгеннен кейін араласудың қажеті жоқ – дұрыс шешім.
Төрешінің шешімі: ойынды жалғастыру – дұрыс.
Оқжетпес – Тұран
75-минут. Қонақтардың айып алаңында шабуылшы №96 мен қорғаушы №25 допқа таласты. Шабуылшы жылдам қимылдап, бірінші болып допқа тиді. Қорғаушы №24 жанынан өте берген сәтте ол допты солға қарай бағыттады. Сол мезетте қорғаушы №24 допқа ойнамақ болып аяғын созды, бірақ кешігіп, қарсыласының оң аяғына тиіп, оны құлатты.
VAR шешімі: араласу орынды – төрешіге эпизодты алаңда қайта қарап шығуды (OFR) ұсынды.
Төрешінің шешімі: пенальти белгілемеу – қате.
Жетісу – Қызылжар
8-минут. Допқа талас кезінде алаң иелері сапындағы №74 және қонақтар құрамындағы №25 ойыншылар арасында ереже бұзылғандай көрініс болды, сондықтан төреші ойынды тоқтатты. Ысқырықтан кейін екі ойыншы да спортқа сай емес әрекет жасап, бір-бірін итеріп жіберді. Алаң иесінің әрекеті сәл күштірек болғанымен, итеріс бастың не беттің тұсына бағытталмаған және ашық алақанмен орындалған. Қақтығыс шешілген соң төреші алаң иесіне №74 қызыл қағаз көрсетіп, қате шешім қабылдады, ал қонақтар сапындағы №25 ойыншыға сары қағаз көрсетуі – дұрыс шешім болды.
VAR шешімі: араласу болмаған – бұл қате шешім.
Төрешінің шешімі: алаң иесін ойыннан шығару – қате, себебі мұндай жағдайда спорттық емес әрекет үшін сары қағаз көрсетілуі жеткілікті еді.
Ұлытау – Тобыл
4-минут. Қонақтардың айып алаңында қорғаушы №33 пен шабуылшы №17 допқа таласты. Екеуі де допқа ұмтылып, аяқтарын созды. Қорғаушы жылдамырақ қимылдап, бірінші болып допқа тиді. Одан кейін екі ойыншының қозғалысы салдарынан болдырмауға болмайтын аздаған жанасу орын алды, бірақ ереже бұзылған жоқ. Төреші ойынды жалғастыру жөнінде дұрыс шешім қабылдады.
VAR шешімі: эпизод тексерілгеннен кейін араласу болмаған – дұрыс шешім.
Төрешінің шешімі: ойынды жалғастыру – дұрыс.
 
					






