Қазақстан жастар құрамасының Словакия және Молдоваға қарсы ойындарға қатысатын құрамы жарияланды
Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 қарашада Астанада басталады. Құрам қатарына 28 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Онтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай, Тимур Құрбанов (екеуі де – «Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бақтияр Төлеуов («Ertis»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мүслім Жұмат («Тараз»), Шахмурза Адырбеков («Тренчин», Словакия);
Шабуылшылар: Мағжан Тоқтыбай («Онтүстік Академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»), Артем Литош («Шахтер»), Рауль Аллахвердиев («Райо Вальекано В», Испания);
Резерв: Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»), Сэйф Попов («Алтай»).
Еске сала кетейік, қарашада Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді: 13 қарашада Прешов қаласында Словакия U-21 құрамасына қарсы өтсе, 17 қараша күні Астанада Молдова U-21 құрамасын қабылдайды.