ҚФФ жанкүйерлерге арналған «Jankuier» цифрлық платформасын іске қосты

ҚФФ жанкүйерлерге арналған «Jankuier» цифрлық платформасын іске қосты

22 қазан 2025, 11:10
Қазақстан футбол федерациясы отандық жанкүйер қауымына арналған жаңа цифрлық экожүйе «Jankuier» мобильді қосымшасын таныстырды.

«Jankuier» қосымшасы ҚФФ-ның цифрландыру стратегиясы аясында әзірленіп, жанкүйерлердің қатысу деңгейін арттыруға, ыңғайлы сервистер ұсынуға және федерациямен байланыс орнатуды жеңілдетуге бағытталған.

Жоба ҚФФ серіктесі – «Баян Сұлу» компаниясының қолдауымен жүзеге асты.
Платформа қазақстандық футбол экожүйесінің кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалардан бастап балалар-жасөспірімдер академиялары мен бұқаралық футболға дейінгі барлық деңгейді қамтиды.

Платформа қолданушыларының жаңалықтар оқуға, турнир кестесін және ойын нәтижелерін бақылауға,  билеттер сатып алуға, ресми атрибутика мен тауарларға тапсырыс беруге, футбол алаңдарын жалға алуға және академияларға жазылу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, қосымшаның белсенді жанкүйеріне  ҚФФ мен серіктестер тарапынан кэшбэк және эксклюзивті сыйлықтар жүйесі қарастырылған, бонустар мен марапаттарға ие болады.

Қосымша ҚФФ-ның фирмалық стилінде жасалған және түсінікті интерфейске ие. Онда бірнеше негізгі бөлім бар. 

Басты бетте – басты жаңалықтар, турнир кестесі, ойындар кестесі және басты оқиғалар;

Билеттер бөлімінде – ұлттық құрамалар мен ел біріншілігінің матчтарына электронды билет сатып алу және сақтау мүмкіндігі;

Қызметтер бөлімінде – футбол алаңдарын жалға алу, академияларға жазылу және ресми өнімдерге тапсырыс беру;

Жаңалықтар бөлімінде – клубтар мен ұлттық құрамаларға қатысты жедел және ресми ақпарат;

Профиль қызметінде жеке деректер, белсенділік тарихы және бонустық жүйе болады. 

«Jankuier» қазақ және орыс тілдеріне, ал интерфейс iOS және Android құрылғыларына бейімделген.

«Jankuier» платформасының іске қосылуы – ҚФФ-ның футболды басқару және коммуникация жүйесін цифрландыруға бағытталған кешенді бағдарламасының бір бөлігі.

Жаңа цифрлық орта футбол инфрақұрылымын дамытуға, жанкүйерлермен және өңірлік федерациялармен байланысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Jankuier» мобильді қосымшасы қазірдің өзінде App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 қаз., 11:11
Жоғары