Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің матчтарына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің матчтарына тағайындалды

20 қазан 2025, 10:59
УЕФА 2025-26 маусымындағы футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің матчтарына қазақстандық төрешілер Төрехан Тұрсұмбаев пен Аслан Галаевты тағайындады.

Аслан Галаев 7-топтың ойындарын басқарады. Бұл топқа румыниялық «Юнайтед Галац», люксембургтік «Дифферданж 03», әзербайжандық «Араз» және нидерландық «Тайгерс Рурмонд» клубтары кірді. 7-топтың кездесулері «Юнайтед Галац» клубының алаңында ұйымдастырылады.

Ал Төрехан Тұрсұмбаев 8-топтың матчтарына төрелік етеді. Бұл топқа Украинадан «ХИТ Киев» пен «Аврора Тим», топ иесі Словенияның «Врхника» клубы және Солтүстік Македонияның «ФОРКА» командасы түсті.

Айта кетейік, бұл екі топ футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің «В» тобына жатады. Сондықтан элиталық кезеңге тек топ жеңімпаздары жолдама алады.

Қазақстандық төрешілер қызмет көрсететін матчтар 28 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 қаз., 11:11
Жоғары