Астанада Para Football Bestival фестивалі өз мәресіне жетті
Фестиваль үш күнге созылып, еліміздің әр өңірінен келген 13 команда (7 – церебралды сал ауруына шалдыққан спортшылар арасындағы ЦП футболы, 6 – көру қабілеті шектеулі спортшылар арасындағы Blind футболы) өзара бақ сынады. Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындық пен ерік-жігер танытып, өз аймақтарының намысын лайықты қорғады.
Blind футбол бойынша нәтижелер:
1-орын – Алматы облысы
2-орын – Жамбыл облысы
3-орын – Алматы қаласы
Жекелей номинациялар:
Үздік қақпашы – Мұдрашев Ерсайын (Тараз)
Үздік қорғаушы – Айтуар Диас (Жамбыл облысы)
Үздік шабуылшы – Сапар Бексұлтан
Үздік сұрмерген – Болат Жанымхан
Турнирдің үздік ойыншысы – Ағымбаев Қанат
ЦП футбол бойынша нәтижелер:
1-орын – Алматы қаласы («Акас» ФК)
2-орын – Астана қаласы
3-орын – Павлодар облысы («Ертіс» ФК)
Жекелей номинациялар:
Үздік қақпашы – Сандибек Нажиманов (Астана)
Үздік қорғаушы – Мақсат Серіков
Үздік шабуылшы – Альдамир Амантаев
Үздік сұрмерген – Асылжан Құрметолла
Турнирдің үздік ойыншысы – Санжар Қалман
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің вице-президенті Бақыт Сапаров, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Наталья Сухорукова және «Para Football League» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шыңғыс Темірханов қатысты.
«Para Football Bestival» фестивалі ерекше спортшылардың спорттағы әлеуетін арттырумен қатар, 2026 жылғы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құрамалардың алғашқы іріктеу кезеңі ретінде маңызды рөл атқарды.
Фестиваль UEFA қолдауымен, Қазақстан футбол федерациясы, «Para Football League» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстанның соқырлар футбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өтті.