Абинұр Нұрымбет: Ойын қиын өтіп, ойлаған нәтижемізге қол жеткізе алмадық

Абинұр Нұрымбет: Ойын қиын өтіп, ойлаған нәтижемізге қол жеткізе алмадық

12 қазан 2025, 21:35
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Абинұр Нұрымбет Өзбекстан жастырмен өткен бақылау ойынын қорытындылады.

– Өзбекстанға қарсы ойын өте қиын өтті. Тең нәтижеге жақын болды. Жеңіс үшін не жетпеді деп ойлайсың?

– Ең алдымен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Бүгін оңай ойын болған жоқ. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Өзімізде жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық. Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық, десе де ойлаған нәтижеге жете алмадық. Сол үшін тағы да кешірім сұраймын.

– Бір уақытта Өзбекстан чемпионатында ойнаған едің. Қарсыластың қалай ойнайтынын айтып командаға қандай да бір кеңес бердің бе?

– Иә, Өзбекстан чемпионатында ойнадым. Бірақ олардың нақты қалай ойнайтынын айтып жеткізу қиын. Сондықтан біз бұл ойында бапкердің тапсырмасымен ойнадық. Қарсыластың мықты және әлсіз тұстарын талдап, соған қарай дайындалдық.

– Алда тағы бір кездесу бар. Келесі ойыннан не күтесіңдер?

– Бүгінгі ойындағы қателіктермен жұмыс істейміз. Келесі ойында жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.

Бөлісу
Жоғары