Қазақстан U-19 құрамасының Шымкенттегі ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-19 құрамасының Шымкенттегі ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі

06 қазан 2025, 18:00
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 4 қазан мен 14 қазан күндері аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы үш бақылау матчын өткізеді.

8 қазан күні Кирилл Кекердің командасы Бірінші лигада өкілі «Тараз» кездессе, 10 қазанда «Оңтүстік Академиясымен» ойнайды. Ал соңғы матч 12 қазанда Премьер-лигада бақ сынайтын «Ордабасыға» қарсы өтеді.

Жиынға бас бапкер Кирилл Кекер 25 футболшыны шақырды.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов (бәрі – «Қайрат»), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров (екеуі де – «Тобыл»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Тараз»);

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш, Алиден Мұсайыпов, Карим Махаметжан (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»), Асан Байғалиев («Елімай»), Даниял Назаров («Астана»);

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Мақсат Абраев («Астана»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания);

Бапкерлер құрамы: Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы жаттықтырушысы, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – бейнесарапшы, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

Бөлісу
Жоғары